AEG BSE792220M Livre de recettes Page 5

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 4
150 мл қою қаймақ
1/2 шай қасық лимон шырыны
Дайындау әдісі:
20 – 24 үлкен шпинат жапырақтарын
алып қойыңыз. Қалған жапырақтарды
баппен қысып, үлкен пышақпен ірі етіп
тураңыз. Содан кейін оларды қою
қаймақты ірімшікпен араластырып, тұз
және бұрыш қосып дәмін келтіріңіз.
Тауықтың төсінен қалта жасаңыз.
Қалтаны шпинат қоспасына толтырып,
төсті коктейль таяқшаларымен
бекітіңіз.
Үстіне лимон шырынын сеуіп, қыша
жағыңыз. Содан кейін, шамалы тұз
және бұрыш қосыңыз. Соңында, төс
еттерді басында жеке алып қойған
шпинат жапырақтарына ораңыз. Төс
еттерді тесіктері бар ыдысқа қойып, бу
функциясымен буға пісіріңіз. Ыдысқа
шамамен ақ шарап пен сорпадан 100
мл құйыңыз. Содан кейін шафран мен
қою қаймақты қосыңыз. Асқатыққа
лимон шырынын қосып, тұз бен
бұрышты қажетінше қосыңыз.
Тауықтың төс еттеріндегі коктейль
таяқшаларын алыңыз. Төс еттерді
тураңыз. Табаққа шамалы асқатық
құйып, үстіне тауықтың төс еттерін
орналастырыңыз.
Су тартпасына құйылатын судың
мөлшері: 600 мл
Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 3
3.3 Кок-о-ван
Құрамы:
1 тауық еті
тұз
бұрыш
1 ас қасық ұн
50 г тортасы алынған сары май
500 мл ақ шарап
500 мл тауық сорпасы
4 ас қасық соя асқатығы
1/2 байлам ақжелкен
1 тасшөп сабағы
150 г текшелеп туралған бекон
250 г талшын саңырауқұлағы,
тазартылған және төртке бөлінген
12 шалот пиязы, қабығы аршылған
2 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жаншылған
Дайындау әдісі:
Тауықты тазалап, тұз және бұрыш
қосып дәмдеңіз де, үстінен ұн себіңіз.
Қуыруға арналған табаға тортасы
алынған сары майды қыздырып,
тауықтың жан-жағы түгел қызарғанша
қуырыңыз. Ақ шарап, тауық сорпасы
мен соя асқатығын құйып, қайнауына
жеткізіңіз.
Ақжелкен, тасшөп, туралған бекон,
саңырауқұлақ, шалот пиязы мен
сарымсақты қосыңыз.
Тағы бір рет бұрқ еткізіп, қақпағын
жабыңыз да, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 55
минут
Сөренің орналасуы: 1
3.4 Апельсинмен
қуырылған үйрек
Құрамы:
1 үйрек еті (1,6 – 2,0 кг)
тұз
бұрыш
3 апельсин, қабығы аршылып,
дәндері алынған және текшелеп
туралған
1/2 шай қасық тұз
Шырыны алынатын 2 апельсин
150 мл херес
Дайындау әдісі:
Үйректі тазалап, тұз және бұрыш
қосып дәмдеңіз де, апельсин
қабығымен ысқылаңыз.
Үйректің ішіне тұз салынған апельсин
текшелерін салып, тігіп тастаңыз.
Үйректі қуыратын табаға төсін төмен
қаратып салыңыз.
Апельсиндердің шырынын сығып,
хереспен араластырыңыз да, үйректің
үстінен құйыңыз.
Үйректі құрылғының ішіне қойыңыз. 30
минуттан кейін аударыңыз. Дыбысты
сигнал естіледі.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 90
минут
Сөренің орналасуы: 1
ҚАЗАҚ 5
Vue de la page 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire