AEG BS9314401M Manuel d'utilisateur Page 24

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 56
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 23
11.2 Тұмшапештің арнайы
қыздыру функцияларына
қатысты кеңес
Keep Warm
Тағамды жылы ұстағыңыз келсе осы
функцияны қолданыңыз.
Температура өздігінен 80 °C-қа
реттеледі.
Plate Warming
Табақтар мен тәрелкелерді жылытуға
арналған.
Табақтар мен тәрелкелерді пеш
сөресіне біркелкі орналастырыңыз.
Жылыту уақытының жартысы
өткеннен кейін оларды ауыстырыңыз
(үстіңгі және астыңғы жағын
ауыстырыңыз).
Автоматты түрде орнатылатын
температура 70 °C градус.
Ұсынылатын сөре деңгейі: 3.
Dough Proving
Бұл автоматты бағдарламаны ашыған
қамыр қолданылатын кез келген
рецепт үшін қолдануға болады. Бұл
қамырдың көтерілуіне жақсы әсер
ететін бағдарлама. Қамырды жақсы
тындыруға ыңғайлы үлкенірек ыдысқа
салыңыз да, дымқыл сүлгімен немесе
пластик фольгамен жабыңыз. Торкөз
сөрені тиісті деңгейге кіргізіңіз де,
үстіне табақты қойыңыз. Есікті
жабыңыз да, қамырды көтеру
функциясын орнатыңыз. Қажетті
уақытты орнатыңыз.
11.3 Буға пісіру
Буға пісіруге арналған ыдыс-аяқ
Тот баспайтын немесе хром
қосылған болаттан жасалған
ыдыстарды ғана қолданыңыз (кей
үлгілерде ғана бар).
Сөре деңгейлері
Келесі кестеде сөренің дұрыс
деңгейлері көрсетілген. Сөре
деңгейлерін төменнен жоғары қарай
санаңыз.
Жалпы ескерімдер
Тамақты 30 минуттан ұзақ немесе
көп мөлшерде пісірген кезде, қажет
болса, су қосыңыз.
Тағамды дұрыс ыдыстарға салыңыз
және ыдыстарды сөрелерге
қойыңыз. Бу әр ыдыстың
айналасына жақсы таралу үшін
сөрелердің арасында шамалы орын
қалуын қамтамасыз етіңіз.
Қолданып болған сайын су
тартпасындағы, түтіктердегі және бу
генераторындағы суды төгіңіз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
Буға пісіру кестелеріндегі ескерімдер
Кестелерде әдеттегі тағамдарға
арналған деректер беріледі.
Температура мен уақыт тек нұсқау
ретінде беріледі және олар
тағамның түріне, өлшеміне,
мөлшеріне және ыдысқа
байланысты болады.
Рецептке сәйкес параметрлерді
таба алмасаңыз, соған ұқсас
рецептіні пайдаланыңыз.
Егер кестеде басқа дерек
берілмесе, әрекетті тұмшапеш суық
тұрған кезде бастаңыз.
Күріш пісірген кезде су мен күріштің
мөлшерін 1,5:1 – 2:1 қатынасы
бойынша алыңыз, себебі күріш суды
сіңіреді.
11.4 Булағыш су кестесі
Су тартпасындағы су мөлшері (мл)
Уақыт
1)
(мин.)
400 15 - 25
600 25 - 40
800 40 - 50
1)
Уақыт өлшемдері тек нұсқау ретінде берілген.
24
www.aeg.com
Vue de la page 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 55 56

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire