AEG BE5013421M Manuel d'utilisateur Page 16

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 40
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 15
Есіктің механикалық бекітпесін
көлденең жылжытыңыз.
Тігінен жылжытпаңыз.
Құрылғының есігін жапқанда,
есіктің бекітпесін баспаңыз.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
9.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында
келесі деректер болады:
Сөре қоюға болатын қатарлардың
саны.
Қыздыру функциялары туралы
ақпарат, белгілі тағамдар үшін
ұсынылатын сөре деңгейлері мен
температура мәндері.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
9.2 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса,
тұмшапешті пісіру уақытының
аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып
қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Егер торттарды бірнеше деңгейге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 - 15 минутқа созуға болады.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай орын
алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
16
www.aeg.com
Vue de la page 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 39 40

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire