Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін,
сондықтан, ыдыс тірегін қолмен
жуып, кептірген кезде байқаңыз.
Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасына дәл келіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
7.3 Кәстрөл тіректерін алу
Пештің үстін тазалап болғаннан кейін
кәстрөл тіректерінің дұрыс орында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Кәстрөл
тіректерін дұрыс орналастыру үшін
кәстрөл тірегінің біліктері суретте
көрсетілгендей оттық тағанының
тұсындағы ұстағыштарға
орналасқанына көз жеткізіңіз. Сонда
кәстрөл тірегі орнықты қойылады және
бекітіледі.
7.4 Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
• Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
7.5 Жалын шашыратқышты
тазалау
Жалын шашыратқыштарды
ыдыс жуатын машинамен
жууға болады.
ЕСКЕРТУ!
Жалын шашыратқыштарды
салқындатып алғаннан
кейін тазалаңыз.
Шамалы ластанған:
Жалын шашыратқышты сабынды
жылы сумен жуып, жұмсақ матамен
құрғатып сүртіңіз.
Орташа ластанған:
Ыдыс жуғыш машинаны
пайдаланыңыз. Жалын
шашыратқышты астыңғы сөреге үстіңгі
жағын жоғары қаратып, тегістеп
орналастырыңыз.
www.aeg.com14
Commentaires sur ces manuels