AEG 47005VC-WN Manuel d'utilisateur Page 7

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 6
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне қоймаңыз.
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы, жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан, пештің
шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылған. Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7
Vue de la page 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire